https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/el-ulesi2
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/el-ulesi2

64-нші баспана берілді

25 May 2019 0 comment Оқылды: 514 рет

Рамазан айының 19-жұлдызы күні Қазақстан мұсылмандары дініи басқармасының «Зекет» корпоративтік қорының "ЕЛ ҮЛЕСІ- ПӘТЕРГЕ" жобасы аясында 64-нші баспана кілті Панфилов ауданы Еңбекші ауылында 5 балалы отбасына 4 бөлмелі үй берілді.

Қасиетті айда көмек сұрап Мухаев Еркинтай Кизайбаевич аудан бас имамына өзінің әлеуметтік жағдайы төмен, жұмыссыз, үйсіз жүрген жағдайын айтып жазған өтініші бойынша зекет қорынан 1 350 000 теңгеге үй алып берілді.

Зекет берген екі азамат Еңбекші ауылының шаруа қожалық басшылары. Зекет берген екі азаматтың бірі осы ауылдың имамы Арыстанбаев Қайрат Сураншыұлы және шаруа қожалық басшысы Көшербаев Бауыржанның зекеттерінен үй алып берілді.

Осы үйді табыстау үшін Панфилов аудандық орталық мешітінің бас имамы Шәріп Серік пен аудандық Зекет қорының өкілі Жайшыбеков Қабди және ауыл имамы мен ақсақалдары қатысты.
Панфилов аудандық орталық мешітінің бас имамы «Зекет» корпоративтік қорының "ЕЛ ҮЛЕСІ- ПӘТЕРГЕ" жобасы аясында көп балалы отбасылар мен мұқтаж жандарға баспана беру жалғасын табатынын айтты.

{gallery}el-ulesi2{/gallery}

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз