https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/1500
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/1500

Мың жарымнан аса адамға ауызашар берілді

19 May 2019 0 comment Оқылды: 424 рет

Талдықорған қаласындағы орталық «Иман» мешітінде мың жарымнан аса адамға арналған «Рамазан — Раббымыздың сыйы» атты ауызашар дастарқаны жайылды. Ауызашарға Алматы облысы мен Талдықорған қаласы әкімдігінің өкілдері, ардагерлер кеңесінің мүшелері, қалалық мешіттердің жамағаты қатысты.
Мешіт ауласындағы ауызашарға күннің салқындығына қарамастан мың жарым адамға арналған дастарханға қала тұрғындары мен қонақтары лық толды. Ине шаншар жер табылмаған ауызашар дастарханында ақ батасын Талдықорған қаласының қадірменді ақсақалы, белгілі актер, «Тақиялы періште» атанып кеткен Әлімғазы Райымбеков берді. Одан кейін сөз алған Талдықорған қаласының әкімі Ғалымжан Әбдірайымов: «Армысыздар, ауыз бекіткен ағайын! Мен бүгін қатты қуанып тұрмын. Дастархан басына жиналып, ата дінімізге, қасиетті Рамазан айына құрмет көрсетіп жатқан ел-жұртқа ризашылығымды жеткізгім келеді», — деді. Ал, «Нұр-Мүбәрак» университетінің аға оқытушысы Жасұлан Жүсіпбеков Рамазан айының қадір-қасиеті жайлы кеңінен әңгіме қозғап, ауыз бекіту тек ішіп-жеуден тыйылу емес екендігін, сонымен бірге, көз бен құлақты да адам ойын бұзатын әрекеттерден сақтап, өсек-аяңнан, ашу-ызадан, нәпсіге еріп кетуден аулақ жүру қажеттігін алға тартты. Рухани әңгіме айтылған дастархан басында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы Ардақ Оразбаев та он екі айдың сұлтаны — Рамазан турасында сөз сөйлеп, ниеттес ағайынға ізгі тілегін білдірді.
Ауызашарда ізгі ниетін жеткізген ел чемпионы Ардақ Назаров Алаштың арысы Әлихан Бөкейханның әйгілі «Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын» деген сөзін мысалға келтіріп, қанат жайған Ислам діні тек татулық пен бірлікке, бейбітшілікке шақыратынын, үлкен көлемдегі бүндай игі шараға республика көлемінде бірінші рет қатысып тұрғанын айта келе, жетісу жігіттерінің ауызбіршілігіне тәнті болды. "Осындай ынтымақта жүрген қазағымның болашағы зор екеніне сенемін" деп ойын түйіндеді Ардақ Назаров.
«Жетпіс жыл ашық аспан астында ауызашар бермек түгілі «Құдай» сөзін айта алмайтын едік. Аллаға сансыз шүкір», — деген ақ дастарханда отырған жұртшылық бір-біріне бауырмалдық танытып, игі іске мұрындық болған азаматтарға алғыс жаудырды.
Ауызашар соңынан жиналған жамағат «Рамазан айындағы рух тәрбиесі» тақырыбындағы дәріске қатысып, асыл дініміз туралы ғылыми дәлелдер мен нақты мысалдарға қанықты.

{gallery}1500{/gallery}

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз