Қасиетті Рамазан айы кіріп келуімен Талдықорған өңіріне қарсты аудандарда 5 бірдей қуанышты хабармен ұласты. Олай дейтініміз, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы "Зекет" корпоративтік қорының Талдықорған өңірі бойынша өкілдігі "Ел үлесі пәтерге" атты жобасы бойынша көп балалы жанұяларға 5 үйдің кілітін табыстады.
Бірінші үйдің кіліті Ақсу ауданы, Суықсай ауылында көп балалы Нұрлан Бекжигитов пен Әлімғазы Гүлімге табысталды, 2 үйдің кіліті жергілікті жамағаттың қолдауымен Панфилов ауданы Үлкенағаш ауылы мен Шолақай ауылының көпбалалы екі отбасына бұйырды, тағы екі үйдің кіліті Кербұлақ ауданында Шұбар және Сарыбұлақ ауылындағы көпбалалы отбасыларға берілді.
Зекет өкілдері үйдің лентасын қиярда «діни басқарманың бұл жобасы әсте тоқтамай, қарқынды түрде келе жатқаны көпшлікті тәнті етуде» деген сөздерін жеткізді.
Айта кетейік, Талдықорған өңірі бойынша не бәрі 3 ай ішінде бұл 17 игі шара болып, одан әрі жалғасын табады деген үміттеміз.
Ізгі іске үлес қосқан бауырларымызға Алла разы болғай!
{gallery}el-ulesi{/gallery}