https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/sarkan5
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/sarkan5

Мешіт жамағаты ауылға қақпа салды

16 May 2019 0 comment Оқылды: 540 рет

Қасиетті Рамазан айының алғашқы күндерінде Алматы облысы, Сарқан ауданының Лепсі ауылында "Лепсі қақпасының" ашылу салтанаты өтті. Бұл - ауылдан шыққан жас кәсіпкер мешіт жамағаты Сәттібекұлы Русланның өсіп-өнген жеріне жасаған сыйы әрі Елбасымыздың "Туған жерге туың тік" атты бастамасын қолдауы.
Бір жыл жүргізілген құрылыс жұмыстарына ол бар қажыр-қайратын, қаржысын салды. Ауыл әкімі Серікбаева Гүлнар Мұратқызы бастаған ауыл азаматтары мен мешіт жамағаттары да игі іске барынша ат салысты. Бұл -Отанға деген сүйіспеншіліктің, береке-бірліктің және ең бастысы иманның жемісі. Пайғамбарымыздың (а.с.) "Отанды сүю иманнан" деген мүбарак сөзі бұған дәлел.
Салтанатты шарада сөз алған мешіт имамы Досмырзанов Серік халықты қасиетті Рамазан айымен құттықтайкеле мешіт жамағатының ауылға силаған игілікті існе ризалығын білдіріп "Бұл қақпа жақсылықтың қақпасы болсын!" деп батасын берді.

{gallery}sarkan5{/gallery}

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз