Ауызашар беру – сауапты іс. Аузы берікті ауызашарға шақырсаңыз, ораза ұстаған адамның алатын сауабын сіз де аласыз. «Аузы беріктің сауабынан да еш нәрсе кемімейді» - делінген мубарак хадисте.
Сол себепті де, Талдықорған өңіріне қарасты барлық аудан және қала мешіттерінде «30 күнге 30 ауызашар» дастарханы басталды. Биылғы Рамазан айы 30 күнге созылатын болғандықтан, жетісу мешіттері күнделікті бір мезетте 3000 адамға ауызашар дастархандарын жайып, Ұлық айдағы игі істер мен жақсылықты қолдан келгенше көптеп жасауға тырысып келеді.
Қасиетті Рамазан айындағы ұстаған ораза, тілеген дұға, жасаған жақсылықтар қабыл болсын!
{gallery}auyzasar{/gallery}