АЛЛАҒА САНСЫЗ МАДАҚ! Сүйінші, қадірлі ағайын! Қасиетті Рамазан айы жағымды жаңалықпен басталуда! ҚМДБ "Зекет" қорының "Ел үлесі - пәтерге!" жобасы аясында 21-БАСПАНА Алматы облысы, Ақсу ауданы, Суықсай ауылында тұратын көп балалы Нұрлан және Гүлім Бекжігітовтер жанұясына бұйырды! Ақсу ауданының бас имамы Анарбай Манбетов және ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша "Зекет" қорының өкілі Серік Құсайынұлы Сарымолдаев аталмыш шараның басы-қасында жүріп, қуанышты жайттың куәсі болып қайтты. Сауапты іске себепкер болған барша бауырларымызға, игі бастамаға атсалысқан азаматтарға алғысымызды білдіреміз!
{gallery}aksu12{/gallery}