Ақсу аудандық орталық мешітінде нәзік жанды әйелдерге , аудандық мешітінің бас имамы Манбетов Анарбайдың ұйымдастыруымен «Инабатты қыз, ибалы келін, ардақты ана » тақырыбында іс-шара өткізілді. Әйел қауымына асыл дініміздің құндылықтарын айта отыра, бейбітшілік пен отбасы берекесіне жетудің жолдары насихатталды. Кездесу барысында қатысушыларға арнайы сынақ беттері таратылып , ислам діні жайлы жарыс өткізілді. Жарыс жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталды.
{gallery}aksu10{/gallery}