Көксу ауданы көлеміндегі мешіт имамдарының кезекті жиналысы өтті. Рамазан айымен құттықтаған бас имам биылғы Рамазан айы 5 мамыр түні тарауих намазы оқылып, 6 мамыр сәресі ас ішілетінін, және айт намазы 5 маусым күні болып белгіленгені айтылып, Рамазан айында қайырымдылық шараларын көптеп ұйымдастыру, бес парыздың бірі Зекетті тұрақты насихаттау, әлеуметтік желіде байсалды, салихалы пікірде болуы, мұқияттылықпен еңбек етуді, сонымен қатар діннің тірегі – ілім, сол үшін медресеге шәкірт даярлау маңызды екендігі тапсырылды. ҚМДБ-ның бекіткен төрт бағыт бойынша және өкілдіктен келіп түсетін хаттарды өз деңгейінде орындаулары мешіт құжаттары және жоспарлы жұмыстар барысында есептер тыңдалды.
{gallery}koksu12{/gallery}