Талдықорған орталық "Иман" мешітінде өңірге қарасты имамдардың кезекті жиналысы болып өтті. ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы Ардақ Нүсіпханұлының төрағалығымен өткен жиында имамдар алдымызда келе жатқан қасиетті Рамазан айындағы жұмыс жоспарын талқылады.
"Қасиетті Рамазан айындағы Алла алдындағы құлшылығымызды және мешітке келетін халық алдындағы қызметімізге ерекше ықыласпен қарайық. Мүфтият тарапынан келген әр бір тапсырма жоғарғы деңгейде өтуі тиіс. Қасиетті айдағы атқаратын істеріміз айқын, Алла баршамызға күш-қуат берсін" - деп, өкіл имам қала және аудан имамдарына нақты тапсырмалар берді.
Сонымен қатар, мәжіліске ҚМДБ тарапынан өңірімізге бекітілген заңгері Сағитжан Дәулетияр мырза да қатысып, заң тұрғысынан туындауы мүмкін мәселелерді тілге тиек етті. Әсіресе, мешіттің ғимаратын заңдастыру мәселелері бойынша заң талаптарының егжей-тегжей мәселелерін анықтап, түсіндіріп берді.
{gallery}imamdar{/gallery}