https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/zeket1
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/zeket1

Зекет өкілдерінің жиыны өтті

30 Apr 2019 0 comment Оқылды: 453 рет

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Талдықорған өңірі бойынша «Зекет» қорының 2019 жылғы Рамазан айына орай Қор жұмысын жандандыруға бағытталған кеңейтілген мәжілісі өтті.
ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы Оразбаев Ардақ Нүсіпханұлының алғы сөзімен басталған мәжіліс әрі қарай Талдықорған өңірі бойынша шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Өкен Шынарбектің зекет парызына қатысты мәселелерді қамтып, аудандық зекет өкілдерінің тарапынан туындаған сауалдарға толыққанды жауап беруімен жалғасты. Сондай-ақ, аталмыш мәжіліске ҚМДБ тарапынан өңірімізге бекітілген заңгері Сағитжан Дәулетияр мырза да қатысып, заң тұрғысынан туындауы мүмкін мәселелерді тілге тиек етті. Бұдан соң, Талдықорған өңірі бойынша «Зекет» қорының жетекші маманы Руслан Мұратұлының дайындаған презентациясы назарға ұсынылып, Талдықорған өңірі бойынша «Зекет» қорының өкілі Серік Құсайынұлының басшылығымен Қор жұмысының ішкі мәселелері кеңінен талқыланды.
Алланың қалауымен шариғат талабына сай зекет жинау нәсіп болған, Алланың разылығы үшін осы парыз амалдың орындалуына үлес қосып жүрген зекет өкілдеріне алдын-ала жан-жақты пысықталып жасалған жоспар мен нақты тапсырмалар жүктелді.

{gallery}zeket1{/gallery}

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз