Талдықорған қалалық «Нұр» мешітінің бас имамы Данағұлов Алмас «Жетісу» мешітінде жұма намазына жиналған жамағатқа ҚМДБ-ның Бас мүфтиі бұйрығымен аталмыш мешіттің бас имам қызметіне тағағайындалған жаңа имамды таныстырды.
Жұмағалиев Болат Сағынғалиұлы 1978 жылы Қостанай облысы Амангелді ауданы Байқадам ауылында дүниеге келген.
2004-2008 жылдар аралығанда Нұр-Мүбәрак университетінде оқып, тәмамдаған.
2008-2011 жылдары Алматы облысы Сарқан ауданы Сарқан қаласының бас имамы, 2011-2019 жылдар аралығында Ескелді аудандық мешітінің бас имамы қызметтерін атқарған.
2019 жылдың 15-нші сәуірінен бастап Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазреттің бұйрығымен Алматы облысы Талдықорған қаласы «Жетісу» мешітінің бас имамы қызметіне тағайындалды.
Отбасылы, 6 ұл, 2 қыз тәрбиелеуде.
Қаланың бас имамы «Жетісу» мешітінің бұрынғы имамы Мұхаммед Ордыбайға басқа қызметке ауысуына байланысты атқарған еңбегіне алғысын айтып, жаңа қызметте одан әрі асыл дінімізге адал еңбек етуіне тілек білдірді.
{gallery}JETISU{/gallery}