Бүгін ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы Ардақ Нүсіпханұлы Ескелді аудандық орталық мешітте жиналған аудан халқымен кездесіп, "Жұма күнінің ерекшелігі" тақырыбында уағыз жүргізді. Жұма намаз басталмастан алдын жиналған жамағатқа ҚМДБ-ның Бас мүфтиі бұйрығымен аудандық мешітінің бас имам қызметіне тағағайындалған жаңа имамды таныстырды.
Мұхаммед Ордыбай 1981 жылы туған. 1997-2001 жж. аралығы ҚХР Ислам университетін оқып, бітірген. Дінтану магистрі.
2004-2006 Ақсу ауданы Ақсу совхозы мешітінің имамы
2006-2009 Ескелді ауданы Бақтыбай ауылы мешітінің имамы
2009-2012 Ескелді ауданы Н. Алдабергенов ауылы мешітінің имамы
2012-2013 Ескелді ауданы Көкжазық ауылы мешітінің имамы
2014-2015 Талдықорған қаласы «Нұр» мешітінің ұстазы
2015-2018 Талдықорған қаласы орталық «Иман» мешітінің ұстазы
2018-2019 Талдықорған қаласы «Жетісу» мешітінің бас имамы
2019 жылдың 15-нші сәуірінен бастап Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазреттің бұйрығымен Алматы облысы Ескелді аудандық орталық мешіттің бас имамы қызметіне тағайындалды.
Отбасылы, 4 қыз, 1 ұл тәрбиелеуде.
Өкіл имам аудандық мешіттің бұрынғы имамы Жұмағалиев Болат Сағынғалиұлына басқа қызметке ауысуына байланысты атқарған еңбегіне алғысын айтып, жаңа қызметте одан әрі асыл дінімізге адал еңбек етуіне тілек білдірді.
{gallery}eskeldi3{/gallery}