Ұлыстың ұлы күнімен сәйкес келген Рудничный ауылында «Мол Береке» мешітінің ашылу салтанатына: Текелі қаласының әкімі Өнербаев Бахтияр Әлтайұлы, Алматы облысы Талдықорған өңірінің өкілі имамы Оразбаев Ардақ Нүсіпханұлы, Талдықорған қалалық «Нұр» мешітінің имамы Алмас Данағұлов, Текелі қалалық «Керімбек би» мешітінің бас имамы Медетбеков Аман Айтбосынұлы және Рудничный ауылының тұрғындары мен қонақтары қатысты. Ашылу салтанатында Текелі қаласының әкімі Өнербаев Бахтияр Әлтайұлы келген қонақтарды құттықтап, Ұлттық Мейрам Наурызда мешіттің ашылуын жақсылыққа балады. Бұдан бөлек, бұл ислам дінінің қанат жайып, имандылыққа бет бұрған азаматтардың қатары күннен – күнге өсіп келе жатқанын айтып, мешітті салуға атсалысқан азаматтарға рахметін айтып, ризашылығын білдіріп алғыс хатпен марапаттады. Сөз кезегі Алматы облысы Талдықорған өңірінің өкіл имамы Оразбаев Ардақ Нүсіпханұлы беріліп, Мешіт - Алланы танудың, ізгілік пен мейрімділіктің және құлшылық қылудың ордасы. Алла үйін салған адамдарға Пайғамбарымыз (с.а.с) хадисінде «Кім жер бетінде Алланың үйін салуға ат салысса, Алла Тағала ол кісіге жұмақтан орын дайындайды» - деген. Ислам діні еліміз бен жерімізге тарағаннан бастап, мешіт салу – Алланың сүйген құлдарының қасиетті ісі болатын тілге тиек етіп мешіт салған кәсіпкер Есхат Мейрамұлына Тәуелсіз Қазақ Елінің рухани дамуына қосқан үлесі бен қайырымдылық жасауда атқарған сауапты, мол игілікті істері үшін Алғыс хатын табыстады. «Жаңбырмен жер көгерер Батамен ел көгерер» демекші, ауыл ақсақалы Сәбит ата бата беріп мешіттің лентасы қиылып, шашу шашылып мешіт ішінде құран оқылып, Талдықорған өңірінің өкіл имамы Ардақ Нүсіпханұлы мешіт имамын тағайындады.
{gallery}tekeli8{/gallery}