https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/iman1
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/iman1

Талдықорғанда сайыс өтті

19 Mar 2019 0 comment Оқылды: 477 рет

ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкілдігінің әйелдер-қыздар секторы Жетісу жеріндегі көптеген игі істерге мұрындық болып, қайырлы жолда әйел жамағатының басын қосып, ізгі мақсатта біріктірген құтты да берекелі шаңыраққа айналды. Бұл өз кезегінде өңірімізде әйел жамағатына талмай еңбек қылып жүрген Идирисова Нұргүл, Мүтебаева Сабира және т.б. ұстаздар мен имамдардың бірлескен еңбегі десек артық айтқан болмаймыз.

Асыл дініміз Ислам мен тарихын тереңнен алатын салт-дәстүрімізден сусындаған қазақ халқының тәрбиесіндегі тектілікті жалғау, оны бүгінгі ұрпақтың бойына сіңіру мақсатында құт дарыған көктем айының мерекелері қарсаңында орталық «Иман» мешітінде өңірдің әйелдер-қыздар секторы мен дін істері басқармасының оңалту орталығы бірлесіп «Үлгілі жар, үлгілі келін және үлгілі ана» тақырыбында кезекті байқауын өткізді. Өңіріміздің өкіл имамы Ардақ Нүсіпханұлының қолдауымен өткен байқауда ұлттық киім мен камзол киген, бұрымын жасырған сәукелесі мен сылдыр-сылқым моншағы хас шебердің қолынан туған бейнедей ибалы нәзік жандыларымыз бірнеше кезеңнен бақ сынады . Атап айтқанда, өзін-өзі таныстыру, Құран Кәрімнің 30-шы парасын жатқа айту, білгенге маржан Бала тәрбиесіне қатысты хадистер айту, діңгегі дінмен өрілген салт-дәстүрім бойынша көрініс көрсету және соңғы «Анасын көріп, қызын ал. Ыдысын көріп, асын іш» демекші ұлттық тағам түрлерін әзірлеп, қорғау.
Дәстүрлі дініміз дәріптелген байқауда бас жүлде Садыбекова Алтынай Елтайқызына бұйырды. Бірінші орынды Сатыбалдиева Гулжазира Жомартқызы, екінші орынды Нұралбекова Земфира Шәйменқызы, үшінші орынды Сырлыбаева Жанар Айымқызы иеленді. Және де білімдері мен дәстүрді жетік білуімен көзге түскен қатысушылар «Үлгілі ана», «Үлгілі жар», «Үлгілі келін», «Көрермен көзаймы» атты номинациялармен марапатталды. Топтан оза шапқан жеңімпаздарға диспенсер, қысқа толқынды пеш, шаңсорғыш, тігін машинасы және т.б. бағалы сыйлықтар табыс етілді. Мәні мен мағынасы келіскен шараның соңы дастархан жайылып, қадірлі қонақ, тарихшы, дәстүртанушы ұстаз Бегімханова Фарида Жұпанқызының уағыз-насихатымен жалғасын тапты.

{gallery}iman1{/gallery}

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз