Қазақ қызды ,,жат жұрттық" деп қадірлеп, төрінен түсірмеген. Басқа үйдің отын жағып, түтінін түзу ұшыратын боласың, барған жеріңде шешесі үйретпепті демесін деп анасы қызына бойындағы бар жақсы қасиетін сіңіруге тырысады. Қыз баланы қазақта кішкентайынан мәпелеп, аялап, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай өсірген. Жалғандағы нәзіктік пен пәктікті, инабаттылықты әрбір қазақ қызының бойына сіңіріп өсірген.
Ағымдағы жылдың 15-ші наурызында Ақсу аудандық әкімшілігінің мәжіліс залында «Дәстүрлі исламдағы қыз бала тәрбиесі» атты аудан орталығындағы мектептердің 9-11 сынып қыздарымен семинар өтті. Семинарға арнайы шақырылған Ақсу аудандық орталық мешітінің бас имамы Манбетов А. ,,Қыз бала елдің көркі Һәм ары, абыройы'' деген тақырыпта баяндама жасады. Видео-роликтер көрсетіліп, флаерлер таратылып, сұрақ-жауаптар жүргізілді. Семинардың соңында аудандық имам тарапынан ислами тест-сұрақтар алынып , жеңімпаздарына сыйлықтар таратылды.
{gallery}aksu9{/gallery}