https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/253
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/253

Баталы құл, арымас!

17 Mar 2019 0 comment Оқылды: 680 рет

      {gallery}253{/gallery} Біз мұсылман жұртшылығы ата-бабамыздың дұға-тілектерінен нәр алып, өсіп-өніп келе жатқан ұрпақпыз. Дана халқымыз «Жаңбырмен жер көгереді, батамен ер көгереді», - дейді. Бата - жүректің түбінен жарып шықтан нұрлы тілек. Дана халқымыз «баталы құл арымас, батасыз құл жарымас», «баталы құлға бақ қонар» деп барлық жақсылық атаулының түп-тамырын батамен ұштастырып келген. Көпшілік отырған жерлерде батаны көпті көрген, аузы дуалы қариялар береді. 

Осы орайда Талдықорған өңірі, Ақсу ауданында аудан әкімшілігі және аудандық мешіттің ұйымдастыруымен қариялар арасында «Батаменен ел көгереді, жаңбырменен жер көгереді» атты аудандық «Батагөйлер» байқауы өтті. Шараның мақсаты: ұлтымыздың дәстүрлі өнерін насихаттау, ақсақалдардың орамын тауып айтқан бата тілектерін насихаттай отырып, жас ұрпаққа үлгі ету. Аудан имамы А.Тасболатұлы елдің берекесі болған қарияларға ізгі тілегін жеткізді. Шара соңында жеңімпаздар арнайы бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Ақсу аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі.

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз