Қасиетті Құранда: «Ей, иман келтіргендер! Біз ризықтандырған (адал) тағамдарды жеңдер. Алла тағалаға шүкіршілік етіңдер. Оған ғана құлшылық етіңдер», («Бақара» сүресі, 172-аят), – делінген.
Расуллуллаһ (с.ғ.с.):«Ей, адамдар! Алла тағала кіршіксіз таза, сондықтан таза еместі қабылдамайды. Алла пайғамбарларға бұйырғанын мүміндерге де бұйырған. Мәселен, «Ей, пайғамбарлар, таза нәрселерден жеңдер және ізгі іс істеңдер» («Мүминун» сүресі, 51-аят) дегендей, адал ас ішу, адал талап ету барша мұсылманға міндет.
2016 жылдың ақпанында ҚМДБ-ның еншілес «Халал Даму» ЖШС-і құрылған болатын. Аталған ЖШС негізгі мақсаты мен міндеттеріне: "халықаралық мұсылман қауымына дін нормаларын сақтауда қызмет ету, мұсылман қауымы мен халал өндірісінде тағамдардың қадағалануын жеңілдету, халал кепілдігінің тәжірибеден өткен, сенімді жүйесін құру", деп айқын көрсетілгендей бүгінгі күнге дейін республика көлемінде қарқынды жұмыс атқарып келеді. Халықымыз үшін игілікті саналатын осы игі бастамаға қолдау көрсетіп үлес қосу әр-бір мұсылманның міндеті деп айтсақ артық болмас, осы мақсатта ауданымыздың бас имамы Қанат Маратұлы мен кенттік ақмешіт имамы Бердібек Нұқтарұлы ұйымдастыруымен, аудандық орталық мешітте "Халал даму" ЖШС Талдықорған өңірі бойынша өкілі Аман Айтбосынұлының арнайы қатысуымен ауданымызға қарасты ауыл имамдарымен кездесу өтті. Сонымен қатар Аман Айтбосынұлы Сарыөзек кентінде орналасқан, "Халал даму" ЖШС сертификатын алуға тілек білдіріп отырған ас-су және тағам өнідіріп xалыққа ұсынып жүрген бір-неше кәсіпкер азаматтардың жұмыс орындарында арнайы барып қайтты және Халал даму ЖШС сертификатын алу үшін өткізілетін құжаттар тізімімен таныстырды.
{gallery}kerbulak2{/gallery}