Қасиетті жұма күні қарсаңында алғыс айту мерекесіне орай, Талдықорған қаласы Нұр мешітінің ұстазы Асқанбаев Мирас Панфилов ауданы Қоңырөлең ауылдық «Қожбанбет би» орта мектебінде «Адамға алғыс айтқаның-Аллаға шүкір еткенің» тақырыбында кездесу өткізді.
Панфилов ауданы Қоңырөлең ауылдық мешітінде «Исламдағы аманаттың ұғымы» тақырыбында жұма уағызын насихаттады. Намаздан соң 200 адамға арналған асқа қатысып дәстүрлі ислам дінінің маңыздылығын жамағатқа түсіндіріп, ыстық ықыласына бөленіп қайтты.
{gallery}panfilov5{/gallery}