Талдықорған өңірі, Ақсу ауданының бас имамы Анарбай Тасболатұлы ауданға қарасты Алтын арық және Ойтоған ауылдарына іс-сапармен барды. 2019 жыл жастар жылы деп аталуына орай, ауылдық мешіттерде «Ұрпақ тәрбиесі- ұлт келешегі» тақырыбында ауыл жамағаттарына ұрпақ тәрбиесі жайлы уағыз-насихат айтылды. Жамағаттардың ілімге деген қызығушылығын арттыру мақсатында Ақида, фиқһ және сира пәндерінен тест сынағы түрінде жарыс өткізілді. Озаттарға сыйлықтар берілді. Шара соңында «Инабатты қыз, ибалы келін, ардақты ана» тақырыбында әйелдер жамағаттарына уағыз-насихат айтылып, қойылған сұрақтарға жауап берілді.
{gallery}aksu6{/gallery}