Талдықорған өңірі, Ақсу аудандық орталық мешіті қызметкерлерінің ұйымдастыруымен аудан орталығындағы «Молықбай Байсақұлы» атындағы мәдениет үйінде қайрымдылық кеші өтті. Кешке мүмкіндігі шектеулі және көпбалалы отбасылардан шыққан 130 бала шақырылды. Ақсу халық театрі «Қаңбақ шал» ертегісін сомдаса, талантты жастар балалардың көңілін көтеретін әндер орындады. Қайрымдылық кеш соңында аудан имамы Анарбай Тасболатұлы балаларға жақсы тілектерін айтып, мектеп құралдары, тәттілер және жеміс-жидектер салынған сыйлықтар табыстады.
{gallery}aksu5{/gallery}