https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/tekeli4
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/tekeli4

Сүндеттеу – сүннет жол

18 Feb 2019 0 comment Оқылды: 521 рет

Алматы облысы Текелі қаласы «Керімбек би» мешітінің имамы Аман Айтбосынұлының ұйымдастыруымен «Сүндеттеу – сүннет жол» атты шара өтіп 70 бүлдіршін сүндеттелді. Осы сүннетке тоқтала кетсек. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Бес амал фитраттан: сүндеттеу, кіндік асты түкті алу, қолтық түгін қыру, тырнақ алу және мұртты басу», - деген екен. Фитрат – Алла Тағала бейім еткен болмысы. Ата – бабаларымыз ұстанған Имам Абу Ханифа мазхабы және басым ғалымдар ұстанымы бойынша – сүннет.
Діни тұрғыдан сөз ететін болсақ, сүндеттеу – тамыры тереңге кететін діни әдет-ғұрып. Сүндеттеу – ер баланың жыныс мүшесін жауып тұрған қабықшасын кесу. Бұл амалды қазақтардың сүндеттеу деп атауының себебі де сонда жатыр. Сүндет – пайғамбарлардың амалы мен сөзіне қатысты қолданатын арнайы термин. Демек, бұл амал пайғамбарлардан бастау алады. Анығырақ айтқанда, пайғамбарлар атасы Ибраһимнен бастау алатын сүннет.
Бала туылған алғашқы айдан бастап жасалатын амал. Алайда, балиғат жасына жетпей жатып та, кейде белгілі бір себептермен балиғат жасынан кейін де жасала беретін амал.
Әнас бин Малик (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.ғ.с.) айтқан екен: Раббымның маған көрсеткен сый-құрметінің бірі мен сүндеттелген боп тудым, сондықтан ешкім менің әуретімді көрген жоқ». Мұсылман – Алланың әмірін орындаушы. Ал мұндай амалдардың сыры уақыт өте келе ашылып, мұсылман үшін пайдасы бары ғылыми тұрғыда дәлелденуде. Соңғы кезде ғылым жетістіктері сол шақтағы сырт көзге қисынсыз көрінген көп дүниелердің құпиясы мен пайдасын аша бастады. Соның бірі – сүндеттеу.

{gallery}tekeli4{/gallery}

Алматы облысы Текелі қаласы

«Керімбек би» мешітінің бас имамы                    Аман Айтбосынұлы

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз