Талдықорған қаласы жастарға қызмет көрсету орталығында өңірдің Жастар ісі секторының ұйытқы болуымен Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы мен дін істері басқармасы, ҚМДБ-ның Талдықорған өкілдігімен қабылданған өзара әрекеттестік туралы үш жақты меморандум «Жастар жылы» аясында кездесу өтті.
Кездесудің мақсаты жастар арасында дәстүрлі-рухани тәлім-тәрбиені дәріптеу. Алқалы жастар жиынында сөз алған ЖАНТ мүшесі, Кербұлақ ауданының бас имамы Мүтебаев Қанат Маратұлы жастар тәрбиесі туралы өнегелі сөздерін тілге тиек етті.
Шараға дін және жастар басқармаларының ресурстық орталығының мамандары, «Жалын» студенттік жасағының мүшелері, маргинал жастар қатысты.
{gallery}jastar{/gallery}