Байсеитов атындағы саз колледжінде "Жастар жылы" аясында Талдықорған орталық "Иман" мешітінің найб имамы Керімбек Сәрсембайұлы студенттермен кездесті. Кездесуде "Жат ағымдар" атты бейнебаян көрсетіліп, найб имам жастар тәрбиесі туралы өнегелі дәрісін өткізді. Жастық шақтың және уақыттың қадірі, үлкенді силай, ұстазға құрметпен қарау тақырыптары сөзге арқау болды.
{gallery}kerimbek{/gallery}