Талдықорған өңірі Сарқан қаласы, "Ақын Сара" атындағы орта мектебінде оқушыларға діни тәрбие беру, адамгершілікке, имандылыққа, рухани тазалығын сақтауға уйрету, ислам дінін насихаттау, діни сауаттылығын арттыру, жат ағымға түсіп кетпеу жолдарын және діннің қоғамдағы маңыздылығын түсіндіру мақсатында «Дін және қоғам» атты оқушылар арасында кездесу ұйымдастырылды. Сарқан қаласының бас имамы Ақан Ерболсын, жастарға дін мен қоғам жайында түсіндірді. Оқушылар көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, оларға толық жауаптар алды.
{gallery}sarkan1{/gallery}