{gallery}88536{/gallery}
Алматы облысы, Ақсу ауданындағы аудандық төтенше жағдайлар бөлімшесінде,бөлімше қызметкерлерімен «Ислам–бейбітшілік діні» тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге келген аудан имамы А.Тасболатұлы, - Ислам діні – Алла тағаланың Жəбірейіл періште арқылы сүйікті әрі соңғы пайғамбары Мұхаммедке (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жіберген діні. Ол адам баласына осы дүниеде және ақыретте бақытты өмір сүруге жетелейтін қағидалар жиынтығы. Дініміз басқа пенделерге қылдай қиянат жасамауға шақырады. Дін – бүкіл әлемде адамдардың рухани дүниетанымын байыта отырып, жер бетіндегі адамзат қауымының өмір сүру иелігіне өз үлесін қосатын қуатты күш. Сондықтан сол күшті адамдар арасындағы достық пен ынтымастыққа және мемлекетіміздің дамуына жұмсауымыз қажет,- екендігі жайлы айтып өтті.
Ақсу аудандық мешітінің баспасөз қызметі.