https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/457
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/457

Қайырымдылық

17 Jan 2019 0 comment Оқылды: 572 рет

{gallery}457{/gallery}

90 жұп аяқ киім таратылды

Қаңтар айының 15 күні Үштөбе қалалық мешітінде республикалық «Қайырымдылық керуені» іс-шарасы аясында Үштөбе қаласы мешітінің бас имамы Әбудардан Таласбайдың ұйымдастыруымен зекет таратылды. Осынау ізгілік пен мейірілімділік шарасына аудан әкімінің орынбасары Қайрат Қасымов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Назкен Игенбаев, ауыл имамдары мен аудан жұртшылығы қатысты.

Зекет сөзінің тілдік мағынасы – берекеттену, өсу, көбею, тазалану деген мағыналарды береді. Әрбір мұсылман баласы Аллаға иман ету, намаз оқу, ораза ұстау, жағдайы бар адамға қажылықты орындау парыз болса, сол сияқты зекет беру де парыз болады. Қасиетті Құран Кәрімде Алла Тағала: «Намаз оқы және зекет бер», – деген аяттарында намаз оқып, Аллаға ғибадат жасай отырып, зекет беруді мұсылмандарға парыз екендігі жайлы айтылады.

- Құрметті жамағат! Құрметті жерлестер! Зекеттеріңіз құтты болсын! Бәріміздің тілеріміз: ешкім осындай зекетке зәру болмасын. Аудан әкімдігі аяқ-жолы жоқ Болат деген бауырымызға көмектесіп, қызметкерлер бір күндік жалақысын аударып, Пушкин атындағы орта мектебінің жанынан үй алып бердік. Үйіне ауыз су кіргізіп, кәріз жүйесін жасап бердік. Болашақта тағы көмек бере жатармыз. Бүгін зекет берген бауырымызға Алла тағала қол-аяғына дерт бермесін, аман-есен болсын! Биылғы 2019 жылы Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен «Қайырымдылық керуені» деген акция өтеді. Осы акцияға Әбудардан Таласбайдың ұйымдастыруымен өтіп жатқан осы шара арқылы ат салысып жатырмыз, - деді Қ. Қасымов.

   Әбудардан Таласбай мешітке жиналған жамағатқа зекет берудің парызы мен жақсылығы жайында ғибратқа толы уағыз айтты. Зекет бар жерде ынтымақ пен береке бар екенін, байлардың мейірімі кедейлерге түсіп, қолдары ашылып, кедейлер байлардың малына сұқтанбай, ұрлық жасамай, қиянат қылмайтынын әңгіме өзегіне айналдырды.

- Зекет – Алла тағаланың үкімі. Зекетті мешіт арқылы ұйымдастырып жатырмыз. Өткенде Смаиловтар әулеті, Талғат Майбекұлы, Асқат Жұлынов, Серік деген бауырларымыз зекеттерін таратты. Аллаға шүкір, зекеттің парыз екенін айтқаннан кейін зекетіміз жалғасын тауып жатыр. Алматыда жұмыс істеп жатқан кәсіпкер бауырымыз, атын атамауды жөн көрді, сол кісіге зекеттің парыз екенін түсіндіргеннен кейін өзінің таза тапқан пайдасы – 15 миллион ақшадан 380 мың теңгені тауарға айналдырып, аяқ киім алып беріп отыр. Әр ауыл имамы көмекке мұқтаж 4 адамнан әкелді, мүгедектерден – 10 адам, орталық мешіттен – 10 адам, Үштөбе қалалық мешітінен 12 адам,Талдықорғандағы мешітте қарилар оқып жатыр, соларға 15 жұп аяқ киім, барлығы 90 жұп қыстық аяқ киім таратылды, - деді Үштөбе қалалық мешітінің бас имамы Әбудардан Таласбай.           Аудандағы «Зекет» қорының басшысы Қанат Егизов:

- 2012 жылы муфтияттан «Зекет» қоры бөлінген. Былтыр күзден бастап Қаратал ауданында «Зекет» қорының басшысы етіп жіберілдім. Негізі зекет сегіз түрлі топқа адамдарға беріледі. Аудан бойынша жаны жомарт азаматтардан зекет алып, оны мұқтаж адамдарға таратып беру менің міндетіме жатады. Ауылдарға барып, дүкеи иелерімен сөйлесіп, зекеттін парыз екенін айтып жатырмын. Сол кісілер қаржылай, заттай зекетін әкеп беріп жатыр. Зекетті өзіміз жинап, жетім-жесір қаншама адамдар бар, соларға үй алып берсек деген ойымыз бар, - дейді аудандық «Зекет» қорының басшысы Қанат Егизов.

А. Бақытұлы.

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз