"Qnet" компаниясының қолдауымен мешіт имамдары және "Жақсылықта жарысайық" қайырымдылық тобы белсенділері тәуелсіздік күні қарсаңында "Малютка" балалар үйі және облыстық есту қабілеті бұзылған балаларға арнайы мектеп-интернатта болып, бүлдіршіндерді Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Игі іс-шараға ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы Ардақ Нұсіпханұлы қатысып, балаларға силықтар мен қуаныш силады. Ал, бүлдіршіндер мерекеге арналған концерттік бағдарламасын ұсынып, демушілерді тәнті етті. Өкіл имам компания қызметкерлеріне қайырымдылық шараға қолдау көрсеткендігі үшін алғысын айтып, батасын берді.
{gallery}kair{/gallery}