Қаратал аудандық мәдениет үйінде аудандық мешіттің ұйымдастыруымен Мәуліт мерекесі өтті. Рухани кеш қасиетті Құран оқумен басталды. Алғашқы сөз Алматы облысы Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы Ардақ Нүсіпханұлына және аудан әкімінің орынбасары Касымов Қайрат Саханұлына берілді. Ардақ Нүсіпханұлы барша мұсылман жұртшылығын Мәуліт мерекесімен құттықтай келе Мәулітті атап өтудің маңыздылығын толғанысқа толы оймен жеткізді. Рухани кеште Жетісу телеарнасының "Иманашар" бағдарламасының жүргізушісі Қанат Маратұлы жүргізіп: «Барша мұсылман жұрағаты Алла Елшісінің (Алланың оған сәлемі мен игілігі болсын) туылған күніне орай əр жылдың рабиғул-аууал айының 12-жұлдызы күні мəуліт мерекесін тойлайды. Бұл мереке Хақ Елшісіне деген ерекше сүйіспеншіліктен туындағаны белгілі. Ұйымдастырып отырған рухани кешіміздің басты мақсаты Алла Елшісінің (Алланың оған сәлемі мен игілігі болсын) өнегелі, ғибратты өмірін жақыннан танып, ұрпағымызға үлгі ете білу»,-деді.
Рухани кеште ғибратты жыр-термелер орындалып, тәрбиелік мәні мол сахналық қойылымдар көрсетілді. Ардақты пайғамбарымыз Мұхаммедтің (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) өнегелі өмірі жайлы уағыз айтылып халық назарына ұсынылды. Кештің маңызы мен мәнін арттыратын шара - пайғамбарымыз Мұхаммедке (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) салауаттар оқылып, сәлемдер айтылды. Кеш соңында «Осынау шапағаты мол шуақты Мәуліт күні баршамызға Алланың нұры жаусын! Пайғамбарымыздың (с.а.с.) туған күні - тек ән салып, ішіп-жеумен ғана өткізілетін пендешілік мереке емес. Оның (с.а.с.) өнегелі өмір жолын жан-жақты ашып түсіндіретін, Исламның асыл құндылықтарын насихаттайтын рухани мереке екенін түсінгеніміз жөн. Олай болса Алла Тағала баршамызды өзіне сүйікті құл, хазірет Мұхаммедке (с.а.с.) шынайы үмбет болуды нәсіп етсін! Мәуліт мерекесі құтты болсын!" - деді аудандық мешіттін бас имамы Ерік Аманкелдіұлы
Сонымен қатар, мешіттегі болып жатқан шараларға атсалысып жүрген жамағатқа алғыс хатын ұсынды.
{gallery}qaratal{/gallery}