https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/pater
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/pater

Бір күнде 3 пәтер кілті табысталды

11 Dec 2018 0 comment Оқылды: 556 рет

Бүгінгі күні сүйіншіге тола күн болды десек, артық айтқан болмаймыз. Өйткені бір күн ішінде 3 отбасы жеке пәтерлеріне ие болып, қоңыс тойларын тойламақ.
Еліміздің мәдениет саласын, өнер кеңістігін ойлы да ғибратты туындыларымен көркемдеп, көрерменнің көкірегіне бағзыдан жеткен ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ұғымын терең сіңіруге өлшеусіз үлес қосқан «Өнер қырандары» театр ұжымы Ескелді ауданында «Мәңгілік өнеге-әз Мұхаммед Мұстафа» мәуліт кешінде өнер көрсетіп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Тәрбиелі де танымдық рухани кеште әсерлі қойылымдар қойылып, тербелген жүректерге ләззат сыйлады. Арнайы кеш қонағы ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы Ардақ қажы Нүсіпханұлы Қарабұлақ кенті жамағаты атынан 1-топтағы мүмкіндікке шектеулі 7 баланың әкесі Жаңаөмір Қайратұлына мүгедек арбасын және 4 бала тәрбиелеп отырған жалғызбасты ана Сәлімжанқызы Кәликамалға пәтердің кілтін сыйлады.
Сол күннің кешінде Талдықорған қаласы І. Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында қырандар 10 жылдық жаңа бағдарламасын жетісу жұртшылығына ұсынды. Мәдениет сарайына лық толған көрермен бір қуанышты күткендей әсерлене бірде толқумен, бірде ойға шомылумен отырды. Жаңа ұсынған қойылымдар жиылған қауымның аш боп қалған жандүниесін күлімсіретіп, көздеріне жас үйілтті. Халқымыздың рухани тұрғыдан өркендеу жолында еңбек етіп, шын мұқтаждарды баспанамен қамтамасыз етуде көпшіліктің ризашылығын алып жүрген «Харекет» қайырымдылық қоры концерт соңында тағы 2 отбасына қуаныш сыйлады. Осы кештің өтуіне арқау болған өкіл имам Ардақ қажы Нүсіпханұлы 1-ші топтағы мүмкіндігі шектеулі Сырымға, 3 баланы тәрбилеп отырған жалғызбасты ана Малмакова Құралайға және Көксу станциясының тумасы 1-ші топтағы мүгедек, жалғызбасты 5 баланың анасы Оразалинова Гүлімге халық алдында 2 пәтердің кілтін табыстады.
Осындай үлкен игі шараларға себепкер болған «Өнер қырандары» театры ұжымына, «Харекет» қайырымдылық қоры арқылы қайырын жасаған қайырымды жандарға Алла разы болғай!


Талдықорған өңірлік өкілдіктің баспасөз қызметі

{gallery}pater{/gallery}

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз