https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/okil-esep
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/okil-esep

Талдықорған өңірі өкіл имамының есебі

11 Dec 2018 0 comment Оқылды: 440 рет

{gallery}okil-esep{/gallery}

Желтоқсан айының 3-4 күні Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кеңейтілген төралқа мəжілісінде Талдықорған өңірінің өкіл имамы Ардақ Нүсіпханұлы пəтуа беру, жамағаттың сауалына жауап жазу, діни оқу ағарту, уағыз, үгіт-насихат, діни кадр даярлау, сауат ашу, дəстүрлі емес діни бағытты ұстанатын азаматтарға жеке түсіндіру шараларын ұйымдастыру, БАҚ жəне ғаламтормен жұмыс, əкімшілік, бақылау-басқару іс-шаралары, əйел-қыздар, жастар секторының жұмысы, қайырымдылық жасау, т.б. атқарылған ауқымды іс-шаралар бағытында есеп берді.
"Есептеріңізді қарап шықтым. Жалпы нəтиже жақсы. Ілгерілеу бар. Дейтұрғанмен, əрбір тапсырманы белсенді түрде атқару қажет. Біз қоғамда аталар мен əжелер институтын дамытуымыз тиіс. Бұл қадам дін қызметкерінің жұмысына үлкен серпін береді деп санаймын.
Сонымен қатар, қоғамда отбасы құндылығын арттыруға мəн беруіміз керек. Ғаламтормен жұмысты күшейтіп, азаматтар тарапынан түскен сауалдарға дер кезінде жауап беруді тоқтатпауымыз тиіс", - деп атап өтті ҚМДБ төрағасы Серікбай қажы Сатыбалдыұлы.
Мəжілісте 2018 - "Ислам жəне отбасы" жылы аясында атқарылған игі жұмыстардың да есебі тыңдалды.
Дəстүрлі есеп беру төралқа мəжілісінде 2019 жылдың жоспары талқыланып, бекітілді.

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз