{gallery}3265{/gallery}
Талдықорған өңіріне қарасты аудан және қала имамдары жылдық қорытынды жиынын өткізді. Жиынға төрағалық еткен ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы Ардақ Нүсіпханұлы 2018 жылда әр имамның өз қызметінде орындаған есебін тыңдады.
Әр дін қызметкеріне регламент бойынша уақыт бөлініп, имамдар жұмыстарының есебін электронды форматта өткізді.
Есепте ҚМДБ-дан келген тапсырмалардың нақты орындалуы мен нәтижелері тыңдалды. Талдықорған өңірінің өкілдігіндегі әр бөлімі имамдарға келесі жылы орындалатын жұмыстарына тоқталып, нақты тапсырмалар берілді. Жиын соңында өкіл имам келесі, яғни, 2019 жылы Қазақстанда «Жастар жылы» екенін ескертіп, имамдарды дінімізге еңбек етуде аянбай күшін жұмсауға шақырумен, Алланың жолындағы қызметтеріне сәттілік тіледі.
Талдықорған өңірлік өкілдігінің баспасөз қызметі