{gallery}658{/gallery}
Талдықорған өңірі, Ақсу аудандық мешітінің бас имамы А.Тасболатұлының ұйымдастыруымен «Қолы ашықтың жолы ашық» атты қайрымдылық шарасы өткізілді. Шара аясында көпбалалы, тұрмыстық жағдайы төмен, мүмкіндігі шектеулі 105 отбасыға азық-түлік берілді. Аязды күндерде жасалған бұл қайрымдылық шарасы жүректерге жылу сыйлады. Жаратушы Алла ізгі шараға үлес қосқан азаматтарға разы болсын. Ел аман жұрт тыныш болғай!
Ақсу аудандық мешітінің баспасөз қызметі.