{gallery}654{/gallery}ҚМДБ-ның күн тәртібіндегі өзекті мәселелері бірі- «Зекет қорының» жұмысын жандандыру әрі дамыту екені баршамызға мәлім. Осыған орай, ағымдағы жылдың қыркүйек айының 23-24 күндері Талдықорған өңірі бойынша өкілдігі мен Зекет корпоративті қорының ұйымдастыруымен «Зекет қорын дамыту және бағыт-бағдар беру» атты оқу семинары болып өтті. Бұл аталмыш семинардың мақсаты-өзінің атауы айтып тұрғандай, қазіргі кезеңдегі бес парыздың бірі зекетті халық арасында насихаттау, дамыту, жандандыру, түсіндіру, шариғат талабына сай орындалуына қызмет ету. Оқу семинарын ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкілі Оразбаев Ардақ Нүсіпханұлы, орталық «Иман» мешітінің наиб имамы Өкен Шынарбек, «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетінің аға оқытушысы Жүсіпбеков Жасұлан жүргізді. Әр ауданнан «Зекет қорына» тағайындалған өкілдерге екі күн бойы Зекеттің парыздығы, маңызы, хикметі және қалай орындалады, қордың атқаратын қызметі жайлы дәрістер өтті. Семинардың қорытындысы бойынша өкілдерге сертификаттар мен арнайы куәліктер тапсырылды. Өкіл имам асыл дініміздің құндылықтарына сай аянбай қызмет ету жолында Зекет қорына сәттілік тілеп, дұға жасады.
СОҢҒЫ ВИДЕО АҚПАРАТТАР
Талдықорған
Алматы облысы
Таң
02:05
Күн
03:57
Бесін
11:49
Екінті
17:11
Шам
19:35
Құптан
21:27
9
маусым 2025
дүйсенбі
12 Зул-Хижжа 1446
Жергілікті уақыт
UTC/GMT +05:00
ЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
-
Ел болашағын жарық етер жоба
-
«БАБАЛАР ІЗІМЕН: ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ МҰСЫЛМАНДЫҚ МЕКТЕП» КІТАБЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ
-
ДІНИ БАСҚАРМА ЖАНЫНАН ҚҰРАН СЕКТОРЫ АШЫЛДЫ
-
ТҮРКІТІЛДЕС МЕМЛЕКЕТТЕР ҰЙЫМЫ ХАТШЫЛЫҒЫНЫҢ ОНЛАЙН ЖИЫНЫ ӨТТІ
-
ДӘСТҮР ДӘРІПТЕЛГЕН САЙЫС ӨТТІ
-
БАС МҮФТИ «ИСЛАМ ЖӘНЕ ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҒЫ» ІС-ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ
-
ШАРАПАТЫ МОЛ ШАҒБАН АЙЫ МҮБӘРАК БОЛСЫН!