{gallery}3120{/gallery}
Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ аясында ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкілдігінің «Жастар ісі» секторы мен Алматы облысы Дін істері басқармасы кәсіптік білім беру мекемелерінің студенттері арасында ұйымдастырылатын ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының БІРЛЕСКЕН ЖОСПАРЫ аясында а. ж 19 қыркүйек күні Талдықорған қалалық жоғары медициналық колледжінде «Дәстүрлі ислам діні және қазақтың ұлттық мәдениеті» тақырыбында студенттермен кездесу ұйымдастырды.
Шараға ҚМДБ Талдықорған өңірі орталық «Иман» мешітінің наиб имамы Өкен Шынарбек және Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының инспектор А.Бабатай қатысты. Заман ағымына сай келелі тақырып төңірегінде баяндамалар жасалып, жастар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.