https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/556
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/556

Талдықорған қаласында «Рухани керуен» жобасының ІІ-кезеңінің салтанатты ашылу рәсімі болып өтті.

22 Sep 2018 0 comment Оқылды: 419 рет

        {gallery}556{/gallery} Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыс әкімінің қолдауымен облыстық Дін істері басқармасының бастамасымен «Рухани керуен» жобасының ІІ-кезеңінің салтанатты ашылу рәсімі «Рухани жаңғыру» орталығында болып өтті.

«Рухани керуен» жобасы 2017 жылы бастау алып, қолға алынған жұмыс өз нәтижесін көрсетті. Осы жоба арқылы жастарға дін мен салт-дәстүрдің егіз ұғым екенін түсіндірілді. Ұлттық сана мен ұлттық салт-дәстүрді жаңғыртудың жолы ұқтырылды. Айта кетерлігі, «Рухани керуен» жобасы республикалық жобалар қатарына енгізіліп, өткен жылы үш ай бойы аудан орталықтарында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, кездесулер, 12 бағыт бойынша 246 іс-шара ұйымдастырылып, оған 27032 адам қамтылып, зиалы қауым өкілдері мен өңірдің барлық имамдары жұмылдырылған болатын.

Қазақстан халқының дәстүрлі рухани мәдениетін ілгерілету, мемлекетіміздің рухани тірегі, Ислам дініміздің жалпыға ортақ адамгершілік қағидаларын насихаттау және деструктивті діни ағымдарға қарсы күресу, әрбір Қазақстан азаматының рухани санасын жаңғыртуды мақсат еткен игілікті шараға ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы Оразбаев Ардақ Нүсіпханұлы қолдау білдіріп, өз сөзінде ҚМДБ жариялаған «Ислам және отбасы» жылы аясында ұлттық салт-дәстүріміз бен мәдениетімізді насихаттап, Ислам дініміздің асыл құндылықтарын дәріптеп, отбасына, Отанға, елге, жерге деген патриоттық сезімін оятатын Рухани керуенде халыққа ете жақын мешіт имамдарының алатын орны ерекше екендігін тілге тиек етті. Жалғасын тапқан игі шараға сәттілік тіледі.

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз