{gallery}855{/gallery} Ақсу ауданына қарасты ауыл мешіттерінде қасиетті Құрбан айт мерекесі кеңінен аталып өткізілді. Мешітке келген жамағаттарымыз, ауыл тұрғындары мерекеге арнайы ұйымдастырылған ұлттық-спорттық ойындарды тамашалады. Осы орайда Арасан ауылы, Ақсу ауылы, Қаракөз ауылдық мешіттерінің имамдары бір күнде бірнеше спорттық шара ұйымдастырып келген қатысушылардың қошеметіне ие болды. Балаларға арналған велосипед жарысы , қысқа қашықтыққа жүгіру , футболдан турнир, ұлттық ойындарымыз : теңге алу, қошқар көтеру ,бәйге, аударыспақ, көкпар ,арқан тарту сынды ойындарымыз мерекеңін көркін кіргізді. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жаратқанымыз елімізге амандық –есендік беріп берекесін арттырсын.
Ақсу аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі