{gallery}546{/gallery}
Ақсу ауданында ұлық болған Құрбан айт мерекесі кеңінен аталып өтті. Ауданға қарасты ауылдық мешіттерде айт намазы оқылып , намаздан кейін мерекелік шаралар спорттық ойындармен жалғасып жатты. Оның ішінде елеулі болған оқиғалардың бірі , аудан орталығының іргесінде орналасқан Алтынарық ауылында әдемі де әсем болып бойын көтерген ауыл мешітінің ашылу салтанаты. Ашылу рәсіміне қатысқан ауданымыздың бас имамы Манбетов Анарбай сөз сөйлеп елге береке-бірлік нәсіп етуіне тілектестігін білдірді. Келген қонақтарға арнайы киіз үйлер тігіліп ас берілді. Мерекеге келген барша қауым осы күнге арнайы ұйымдастырылған спорттық шараларды тамашалады. Атап айтсақ балуандарымыз қазақша күресте кілемге шықты, гір көтеруде мықтылар күшін сынады. Еліміздің әр өңірінен келген шабандоздарымыз сәйгүліктерін тай жарысы , құнан бәйге және аламан бәйгеге қосып елдің қошеметіне бөленді.
Ақсу аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі