https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/5445
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/5445

Айт намазынан кейінгі қасапшылар сайысы.

25 Aug 2018 0 comment Оқылды: 371 рет

{gallery}5445{/gallery}Мұсылман қауымының ұлық мерекесі саналатын Құрбан айтта келіп, қуантты. Адамзат баласын татулыққа үндеп, жақсылықтың жаршысы болған қасиетті мейрамды Жетісу жұртшылығыда атап өтті. Құрбан айт мерекесі алдымен уағыз тыңдап, Айт намазын оқумен басталды. Өңірдің өкіл имамы Ардақ Нүсіпханұлы Жетісу жұртшылығын құттықтап елімізге амандық тіледі.Таңның атысы жаңбырлы басталғанымен мешітке келген жамағаттың саны өте көп болды. Арнайы жоспарланған шараларда басталып етті. Құрбан айт күндерінің негізгі рәсімі құрбан шалу болса, оны іске асыратын қасапшылар болып табылады. Осы орайда қасиетті Құрбан айт мейрамының құрметіне орай ұйымдастырылған сайыс - Қасапшылар жарысы. Қасапшылар сайысына арнайы талаптар қойылып, құрал-сайманын сақадай дайын ұстаған үміткерлер қатысты. Қасапшыларға қойылған талап бойынша мал союдағы тазалық, мал союдағы жылдамдық, жілігін жіктеп, етті бөлу т.б қырынан танылған 3 қасапшы жүлделі орыннан көрініп, сертификат пен бағалы сыйлықтармен марапатталды. Құрбандыққа шалынған малдың еттері қайырымдылық мекемелеріне, соқырлар қауымдастығына, балалар үйіне, міскін-зағип жандарға, көпбалалы отбасыларға, кедей-мұқтаж жандарға үлестіріледі. ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкілі Ардақ Нүсіпханұлына, имамдарға келіп жылы лебіздерін білдіріп жатқан халықтың қуанышында шек жоқ. Аллам игі істерімізді ұзағынан сүйіндірсін! Құрбан айт қабыл болсын!    

      

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз