{gallery}686{/gallery}Бүгін Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық баспасөз мәслихаты залында қасиетті Құрбан айт мерекесі қарсаңында бұқаралық ақпарат өкілдеріне арналған жиналыс ұйымдастырылды. Брифинг жиналыстың негізгі қонақтары ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкілі, орталық «Иман» мешітінің Бас имамы Оразбаев Ардақ Нүсіпханұлы, қалалық «Нұр» мешітінің Бас имамы Данағұлов Алмас және «Жетісу» мешітінің Бас имамы Ордабай Мұхаммед болды. Өкіл имам жиналған БАҚ өкілдерін құттықтай отырып, Құрбан айт мерекесінің қасиеттілігі, Арафа күнінің ерекшелігі, құрбан шалудың талаптары, шалынатын малдың шариғат үкіміне сай болуы және осы ұлық мереке қарсаңында ҚМДБ-ның Талдықорған өңіріне қарасты мешіттерде жоспарланған іс-шаралар туралы әңгімеледі. Атап айтсақ, қасиетті Құрбан айт мерекесінің мәртебесін көтеру мақсатында ұйымдастырылып жатқан ұзақ қашықтыққа жүгіру МАРАФОНЫ және қошқар көтеру, гір тасын көтеру, қасапшылар сайысы және т.б. спорттық-қайырымдылық шаралары. Жүлделі орындар мен бағалы сыйлықтар ойнатылады. Бұдан басқа, жетісу жұртшылығына, мешітке келушілерге тегін таксимен №24 қоғамдық жолаушылар тасымалдайтын көліктің 7 автобусы тегін қызмет етеді. Яғни, Құрбан айттың құрметіне жолаушыларды тегін алып жүреді. Сондай, жақсылыққа жаршы болған қасиетті мейрам күні ренжіскендер кешірім сұрап, бір-бірінің үйіне қонақтап, мұқтаждарға қамқор болып, барлық адамзат атаулыға жақсылық жасауға тиіс.
СОҢҒЫ ВИДЕО АҚПАРАТТАР
Талдықорған
Алматы облысы
Таң
02:05
Күн
03:57
Бесін
11:49
Екінті
17:11
Шам
19:35
Құптан
21:27
9
маусым 2025
дүйсенбі
12 Зул-Хижжа 1446
Жергілікті уақыт
UTC/GMT +05:00
ЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
-
Ел болашағын жарық етер жоба
-
«БАБАЛАР ІЗІМЕН: ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ МҰСЫЛМАНДЫҚ МЕКТЕП» КІТАБЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ
-
ДІНИ БАСҚАРМА ЖАНЫНАН ҚҰРАН СЕКТОРЫ АШЫЛДЫ
-
ТҮРКІТІЛДЕС МЕМЛЕКЕТТЕР ҰЙЫМЫ ХАТШЫЛЫҒЫНЫҢ ОНЛАЙН ЖИЫНЫ ӨТТІ
-
ДӘСТҮР ДӘРІПТЕЛГЕН САЙЫС ӨТТІ
-
БАС МҮФТИ «ИСЛАМ ЖӘНЕ ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҒЫ» ІС-ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ
-
ШАРАПАТЫ МОЛ ШАҒБАН АЙЫ МҮБӘРАК БОЛСЫН!