{gallery}3211{/gallery}Талдықорған қаласының «Жас Отан» жастар қанатының және Талдықорған өңірі, орталық «Иман» мешітінің жастар секторының бірлесе ұйымдастыруымен Алматы облысының жастар ресурстық орталығының коворкинг залында "Адамгершілік - рухани тәрбиенің маңыздылығы" тақырыбында маргинал жастармен кездесу өтті. Кездесудің негізгі сарына жастар жолына бағытталды.Жастардың бүкіл өмірі алда және болашағы зор. Жастарға жүктелетін міндет те салмақты.Қазіргі заманға сай білім алып, өмір сүру деңгейін арттыру, экономиканы дамытып, азаматтық қоғамды қалыптастыру, рухани ұлт тәрбиелеу және қоғамға пайдалы нәрсемен айналысу. Десекте,осы тұрғыда діннен алшақтамай, осының барлығын дінмен ұштастыра білу жолдарын тілге тиек еткен Талдықорған өңірі бойынша орталық «Иман» мешітінің найб имамы Шынарбек Өкен ұстазымыздың айтары көп болды. «Ақыл»,«Қайрат»,«Жүрек» үшеуі біріксе, рухани бұғаудан босап, кемелді болашаққа бастар жастар жолының айшықталатынында алға тартты. Аталмыш іс-шарада жастардың тәрбиесінің маңыздылығы жайында көптеген сұрақтар қойылып, өзекті мәселелер орта салынды. Берері мен алары көп болған ашық әңгіме алаңында жауапсыз қалған сұрақтар болмады.
СОҢҒЫ ВИДЕО АҚПАРАТТАР
Талдықорған
Алматы облысы
Таң
02:05
Күн
03:57
Бесін
11:49
Екінті
17:11
Шам
19:35
Құптан
21:27
9
маусым 2025
дүйсенбі
12 Зул-Хижжа 1446
Жергілікті уақыт
UTC/GMT +05:00
ЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
-
Ел болашағын жарық етер жоба
-
«БАБАЛАР ІЗІМЕН: ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ МҰСЫЛМАНДЫҚ МЕКТЕП» КІТАБЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ
-
ДІНИ БАСҚАРМА ЖАНЫНАН ҚҰРАН СЕКТОРЫ АШЫЛДЫ
-
ТҮРКІТІЛДЕС МЕМЛЕКЕТТЕР ҰЙЫМЫ ХАТШЫЛЫҒЫНЫҢ ОНЛАЙН ЖИЫНЫ ӨТТІ
-
ДӘСТҮР ДӘРІПТЕЛГЕН САЙЫС ӨТТІ
-
БАС МҮФТИ «ИСЛАМ ЖӘНЕ ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҒЫ» ІС-ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ
-
ШАРАПАТЫ МОЛ ШАҒБАН АЙЫ МҮБӘРАК БОЛСЫН!