{gallery}23{/gallery}Алматы облысы Дін істері жөніндегі басқармасы және Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы Талдықорған өңірі бойынша өкілдігі бірлесе отырып, Талдықорған қаласында ҚМДБ жариялаған биылғы « Ислам және отбасы» жылы аясында, «Астана қаласының 20 жылдығына» орай мешіттің ерлер жамағаттары арасында 3 облыстық спартакиадасын өткізді. 8 ауданнан келген мешіт жамағаттары спорттың 4 түрінен яғни, шағын футбол, волейбол, қол күрестен және кір тасын көтеруден додаға түсті. Барлық спорт түрінен машықтанған мешіт жамағаттары сайыс бойы бір-бірінен озып, қалып отырды, бір қызығы жарысты сәтсіз бастаған командалар соңында жақсы ойын өрнегін көрсетті. Нәтижесінде жалпы командалық есепте Ақсу ауданының жамағаты 3-орынға, Қаратал ауданының жамағаты 2-орынға табан тіреді. Көрерменнің көзайымына айналған Талдықорған қаласының жамағаты 1- орынға ие болды. Мешіт жамағаттары жекелеген спорт туріненде жалпы командалық сайыстарда да жақсы,тартысты,табанды ойын үлгісін көрсете білді. Мұндай жарыстар мешіт жамағаттарының өзара ара қатынасының нығаюуына өз септігін тигізері анық. Спартакиаданы келесі жылы басқа форматта өткізу алға қойылды.
СОҢҒЫ ВИДЕО АҚПАРАТТАР
Талдықорған
Алматы облысы
Таң
02:05
Күн
03:57
Бесін
11:49
Екінті
17:11
Шам
19:35
Құптан
21:27
9
маусым 2025
дүйсенбі
12 Зул-Хижжа 1446
Жергілікті уақыт
UTC/GMT +05:00
ЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
-
Ел болашағын жарық етер жоба
-
«БАБАЛАР ІЗІМЕН: ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ МҰСЫЛМАНДЫҚ МЕКТЕП» КІТАБЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ
-
ДІНИ БАСҚАРМА ЖАНЫНАН ҚҰРАН СЕКТОРЫ АШЫЛДЫ
-
ТҮРКІТІЛДЕС МЕМЛЕКЕТТЕР ҰЙЫМЫ ХАТШЫЛЫҒЫНЫҢ ОНЛАЙН ЖИЫНЫ ӨТТІ
-
ДӘСТҮР ДӘРІПТЕЛГЕН САЙЫС ӨТТІ
-
БАС МҮФТИ «ИСЛАМ ЖӘНЕ ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҒЫ» ІС-ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ
-
ШАРАПАТЫ МОЛ ШАҒБАН АЙЫ МҮБӘРАК БОЛСЫН!