{gallery}46{/gallery}ҚМДБ-нің бас мүфтиі Серікбай қажы Ораз жариялаған биылғы «Ислам және отбасы» жылы аясында отбасылық құндылықтарды дәріптеу, қамқорсызға қамқор болу,тағдырдың жазғаныменен жаралы болғандарға жәрдем беру, саналы жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік, жақсылық сияқты асыл қасиеттерді бойына дарыту мақсатында, Талдықорған өңірінің өкілі, Орталық «Иман» мешітінің бас имамы Ардақ Нүсіпханұлының бастауымен өлкемізде «Қайырымдылық керуені» акциясы өтті. «Қайырымдылық жасап жарысайық» деген ұранмен өткен бұл шараға мұқтаж отбасылардың әлеуметтік картасы арқылы жасалған тізімдегі отбасылар толығымен қамтылды. Акцияның негізгі мақсаты шет аймақтарда тұратын тұрмысы төмен, көпбалалы отбасыларға азық-түлік жеткізу. Қаратал ауданынан бастау алған бұл шараға өкіл имам Ардақ Нүсіпханұлы аудан басшыларымен бірге жүріп, әрбір мұқтаж отбасына жеке-жеке атбасын бұрып, азық-түлік таратты.Қасиетті Құран кітапты сыйлады. Ауыл аймақты аралап, ақсақалдардың батасын алды. Одан ары қарай Иман мешітінің қызметкерлері Зекет қорымен бірігіп,Талдықорған қаласының шеткі бөлігінде орналасқан Көктал, Еркін, Алмалы саяжайы шағын аудандарын аралап, мұқтаж көпбалалы отбасыларға картоп таратты. Осылайша, 300-ге жуық отбасына көмек көрсетіліп, 5 тонна картоп үлестірілді. Болашақта жалғасын табатын қайырымдылық шарасына үлес қосқан жандардың садақаларын Алла қабыл еткей.
СОҢҒЫ ВИДЕО АҚПАРАТТАР
Талдықорған
Алматы облысы
Таң
02:05
Күн
03:57
Бесін
11:49
Екінті
17:11
Шам
19:35
Құптан
21:27
9
маусым 2025
дүйсенбі
12 Зул-Хижжа 1446
Жергілікті уақыт
UTC/GMT +05:00
ЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
-
Ел болашағын жарық етер жоба
-
«БАБАЛАР ІЗІМЕН: ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ МҰСЫЛМАНДЫҚ МЕКТЕП» КІТАБЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ
-
ДІНИ БАСҚАРМА ЖАНЫНАН ҚҰРАН СЕКТОРЫ АШЫЛДЫ
-
ТҮРКІТІЛДЕС МЕМЛЕКЕТТЕР ҰЙЫМЫ ХАТШЫЛЫҒЫНЫҢ ОНЛАЙН ЖИЫНЫ ӨТТІ
-
ДӘСТҮР ДӘРІПТЕЛГЕН САЙЫС ӨТТІ
-
БАС МҮФТИ «ИСЛАМ ЖӘНЕ ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҒЫ» ІС-ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ
-
ШАРАПАТЫ МОЛ ШАҒБАН АЙЫ МҮБӘРАК БОЛСЫН!