https://www.facebook.com/taglym

          

×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/87668
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/87668

Талдықорған: Жетісу жамағаты мешіт тазалықшысына көлік міңгізді

16 Jun 2018 0 comment Оқылды: 470 рет

{gallery}87668{/gallery}

Жетісу халқы Қасиетті Рамазан айын абыроймен өткізіп, айт мейрамын тойлауда. Орталық «Иман» мешітінде мейрам Айт намазын оқумен басталып, Талдықорған қаласының әкімі Шалтабаев Дастан Тұрарбекұлы халықты мейраммен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

«Иман» мешітінде, Аллаға шүкір, 20 қари білім алып жатыр. Сол қарилардың күніне 3 уақыт тамағын дайындап, мешіттің тазалығын өз жауапкершілігіне алып, қаланың шетінен 3 ауысымды қоғамдық көлікпен келіп, қызмет етіп жатқан Земфира атты мешіт жанашырына қарилар өздерінің өтініші бойынша қадір түні күні жамағаттан түскен садақаны өздеріне алмай, мүмкіндігінше, сол қаражаттың келгенінше осы кісіге автокөлік әперсек деген ниет білдіріп еді. Оны қолдаған жамағат қадір түні тарауих намазынан кейін өздерінің мүмкіндіктерінше қолдау көрсетіп, қаражат жинап берген болатын.

Айт намазынан кейін мешіт қызметкерлері жамағатпен бірігіп, Земфира апайымызға автокөлік сыйға тартты.

Аталған шара бір жағынан, көпшіліктің көңілін босатып, екінші жағынан қуаныш сыйлады.

Қарилар мен жамағатқа Алла Тағала риза болсын дейміз!

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз