{gallery}988{/gallery}
Талдықорған өңірінің өкіл имамының бастауымен ардагерлер үйінің ақсақалдарымен ақжаулықты аналарымызға Рамазан айының құрметіне ауызашар берілді. Берекелі Рамазан дастарханы аясында қасиетті дұға оқылып, дін мен дәстүр сабақтастығын дәріптеген тағылымды уағыздар айтылды. Талдықорған өңірінің өкіл имамы Оразбаев Ардақ бүгінгі ауызашар дастарханына жиылған ардагерлерге өз алғысын білдіріп, Алла Тағала құзырында дәрежесі ерекше болған қасиетті Рамазан айымен құттықтап өтті. Ауызашар дастарханына жарапазанмен қазақы қара өлеңнен де сыбаға тартылып, тағылымы терең терме де орындалды.
Талдықорған қалалық «Нұр» мешіті