{gallery}5558{/gallery}1 маусым - балаларды қорғау күні! Балалардың арасында қорғауға, аялап, қуаныш сыйлауға ең алғашқы мұқтаж болғандар - мүгедек балалар. Оның ішінде туған-туыстары алыс болғандар.
Осы себепті ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкілі Ардақ Нүсіпханұлы бастаған топ "Қамқор" Талдықорған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" қармағындағы мүмкіндігі шектеулі жас өспірімдерге аталмыш мейрамды алға тартып, қуаныш сыйлады.
Күні бойына созылған шаттыққа толы мейрам балалардың жадына жылу сыйлап, бақытқа кенелді.
Өткен мейрам бағдарламасы:
- Арнайы шақырылған қуыршақ театры бірнеше қызықты көріністер көрсетті;
- Балалардың қатысуымен сыйлы конкурстар болды;
- Кәсіби театрланған "сабын көбіктері" (мыльные пузыри) көрінісі балалардың қатысуымен таң қаларлық көріністер көрсетті;
- Мейрам соңында мүмкіндігі шектеулі балаларға бағалы сыйлықтар таратылды.
Аталмыш мекеме қызметкерлеріне шексіз алғысымызды білдіреміз. Мұндай салада қызмет атқару әрбір жанның қолынан келе бермейтін міндет болғандықтан, осы кісілерге Алла разы болсын!