{gallery}1204{/gallery}
Ақсу аудандық орталық мешітінің бас имамы Манбетов Анарбай іс-сапармен Ақсу мен Көкжайдақ ауылдарының халқымен кездесу өткізіп қайтты. Дін басымыз, бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазрет ағымдағы жылды "Ислам және отбасы" жылына арнаған болатын. Осыған орай аталған ауылдарда «Қазақтың таным-түсінігі бойынша отбасы құндылықтары» тақырыбында уағыз айтып, тыныштық пен татулықты сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Келешек ұрпаққа үлгі боларлық , һәм насихат ретінде өткізіліп жатқан рухани шаралар алдағы уақытта да ұйымдастырылады деп жоспарлануда.
Ақсу аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі