{gallery}848{/gallery}
Талдықорған өңірінің өкіл имамы Ардақ Нүсіпханұлының бастамасымен "Құран оқудан жарысының" бірінші кезеңі өткізілді. Бірінші кезеңдегі жарыста елуге жуық Құран жаттаушы шәкірттер Құранның отызыншы парасындағы сүрелерді жатқа және мәнерлеп оқудан сынақтан өтті. Финалға жеткен 6 шәкірт арасында жарыс қыза түсті. Қазылар алкасының сұрақтарына сүрінбей жауап беріп, нәтижесінде 1-нші орынды Талдықорган қаласының тұрғыны 9 жасар Мұхаммед атты "Нұр" мешітінің шәкірті иеленді. 2-нші орын Панфилов ауданы Көктал ауылының тұрғыны Саидов Рұсланға бұйырды. Ал, 3-нші орынды Текелі қаласын келген Ғафуролла ұлы Шалқар атты азамат алды. Жүлделі орын иеленгендерге сыйақы берілді. Кұран жарысының келесі деңгейі, яғни 29 және 30-ншы пара бойынша жарыс 9 маусымда өткізілетін болды. Жыл аяғына дейін жамағат арасынан болған шәкірттеріміз Құран бес парасына дейін жаттап шығатын болады деп үміттенеміз.