{gallery}56464{/gallery}
Көктемнің алғашқы айы, Наурыздың соңғы аптасы, яғни қасиетті Жұма күні, Кербұлақ ауданы, Сарыөзек ауылдық «Ақ мешіт» ауласында "Дін мен дəстүр егіз ұғым" атты Наурыз мерекесі аталып өтті.
Аталмыш мерекеде Талдықорған өңірінің өкіл имамы Ардақ қажы Нүсіпханұлының құттықтау сөзімен ашылып, ақжарма тілектер айтылды.
Шара барысында баланы бесікке бөлеу, азан шақырып ат қою, тұсау кесер, қыз ұзату сынды тағы да басқа жоралғылар дəріптеліп, алтыбақан, аударыспақ, арқан тартыс, қол күресі, кір тасын көтеру сынды ұлттық ойындарымыз ойнатылды.
Сонымен қатар 450 адамға дастархан жайылып, қонақасы берілді. Наурыз көжеден дəм татқызылды.
Қасиетті жұма намазына келген мешіт жамағатына өкіл имам Ардақ қажы Нүсіпханұлының тартымды да тәрбиелі уағызын тыңдалып, елімізге, жерімізге, отанымызға арналып дұға жасалды.
Мешіт тек қана ғибадат, құлшылық орны ғана емес, бәлкиде дəстүрімізді дəріптеп, ұлттық ойындар ойнатылатын, сонымен қатар, салт-дəстүрімізді жаңғырту және мешіттен медет сұраушыларға рухани азық, мұқтаж жандарға қайырымдылық көмек беретін орын екені белгілі.
Бұл атқарылған іс-шараның мақсаты, шариғатымыздың шеңберінен шықпайтын, салт-дəстүрімізді дәріптеп, әдеп-ғұрып сынды құнды жәдігерімізді болашақ ұрпаққа аманатпен жеткізу екенін сезіндіру болды.
ҚМДБ- ның Талдықорған өңірі бойынша
баспасөз қызметі