{gallery}55659{/gallery} Наурыз мерекесі өзіміздің дәстүрімізге сай биыл да кеңінен аталып өтті. Ақсу ауданының орталығы Жансүгір ауылының орталық алаңында және де шалғайдағы ауылдарда қазақ үйлер тігіліп, алтыбақан орнатылып, салт-дәстүрден көрініс көрсету: бет ашар, бесікке салу, тұсау кесу,сүндетке отырғызу іс-шаралары келген тұрғындардың көңілінен шықты.
Ауданымыздың орталық мешіті және ауылдық мешіттер наурыз мерекесіне арнайы дайындаған мерекелік бағдарламаларын ұсынып,тұрғындардың ризашылығына бөленді. Мерекелік дастархан жайылып, қазақтың ұлттық тағамдары қонақтарға ұсынылды.
Ақсу аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі