https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/ayagoz
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/ayagoz

Жетісу жәрдемі

20 Mar 2018 0 comment Оқылды: 723 рет

{gallery}ayagoz{/gallery}

Наурыз айының он бірі күні Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудынының орталығы Аягөз қаласын кесіп өтіп жатқан өзеннің суы арнасынан тасып, алапат екпінмен көше бойындағы біраз үйлерді қоражайымен қоса ағызып кетіп, тұрғындарға біраз ауыртпалық әкелген еді. Тура түс мезгілінде орын алған айтып келмейтін апатта алаңсыз отырған тұрғындар табиғаттың тосын мінезінен біраз әбігерге түскенін ақпараттық құралдар мен әлеуметтік желі арқылы барша қазақ елі естіп, білді. Ел басына екі талай күн туғанда текке қарап отыра алмайтын қайырымды жұрт оңтүстігіміз бен солтүстігімізден, батысымыз бен сол шығыстың өзінен Аягөз халқына сөзімен де, материалдық жағымен де қолдау көрсетіп, сан түрлі көмек керуендері апат орын алған аймаққа барып, демеушілік көрсетіп жатыр. Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазреттің тапсырмасына сәйкес, осы игі бастамадан Жетісу жұртшылығы да тыс қалмай күні кеше ғана, яғни он сегізінші наурыз күні Талдықорғанның төрінен Аягөз қаласына «Жетісудың жәрдемі» атымен қайырымдылық керуенін жөнелткен еді. Бүгін таңнан бері ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы Ардақ қажы Нүсіпханұлы бастаған бір топ делегация екі үлкен жүк көлігімен (Камаз) жеткізілген он жеті тонна азық-түлік пен киім-кешек және қаржылай 3 000 000 теңге Аягөз қалалық мешітіне жеткізілді. Мешіт жамағатының қолдауымен әкелген азық-түлікті арнайы себеттерге салып, шағын көліктерге тиеп, су тасқыны орын алған Жұмағазы Тұрсынғазин, Желтоқсан және Амангелді көшесінің тұрғындарына үлестіріп, орын алған жағдай туралы әңгімелесіп қайтты. Үйлері құлаған және апаттық жағдайда тұрған тұрғындар Тлдықорғаннан арнайы келген «Жетісу жәрдемі» керуеніне алғыстарын жаудырды. Қиналғанда қасынан табылып, сүрінгенді демеп, жылағанды жұбату қанында бар қазақ елінің тағы жомарт жүрек жандарына ризашылықтарын білдірді. Талдықорғандықтар Аягөз халқына Жетісу елінің сәлемін айтып, береке мен бірлігінің бастауы ретінде 200 адамға арнайы дастарқан жайып, ас берді.
Айта кетейік, Жетісудан шыққан керуен сапарына ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкілі, орталық Иман мешітінің бас имамы Ардақ Нүсіпханұлы ұйытқы болып, имамдар жұдырықтай жұмылып, облыс орталығы маңындағы Ескелді, Панфилов, Кербұлақ, Көксу, Қаратал аудандарымен шығыс күре жолының бойында орналасақан Ақсу, Сарқан, Алакөл аудандарының тұрғындары мен мешіт жамағаттары және атымтай жомарт азаматтар үлес қосқан болатын.
Апат айтып келмейді. Осыдан жеті жыл бұрын дәл осы он бірінші наурызда Алматы облысы Ақсу ауданы Қызылағаш ауылында су тасқыны орын алып, бір ауыл топан судың астында қалған. Сол кезде осы Аягөз жерінің халқы да үлкен қолдау көрсеткен еді. Бір ғана тілек, Алла елімізді осындай тосыннан келетін апаттардан сақтап, қиыншылықтардың соңын шуақты да шұғылалы күндерге ұластырса екен. Ұлы Раббымыздың уәдесі хақ. Кез келген қиыншылықтың соңында бір жақсылық болады. Лайым солай болып, алдағы күндерімізде жақсылықтар мол болсын.

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз